Астанада биыл Республика күні қалай атап өтіледі?

17.10.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

5 қазанда Қазақстанда Республика күні атап өтіледі. Ұлттық мерекеге орай Астанада салтанатты, мәдени-танымдық, білім беру, спорттық, экологиялық және әлеуметтік бағыттағы 120-дан астам іс-шара жоспарланып отыр. Елорда тұрғындары мен қонақтарына арнап концерттер, көрмелер, спектакльдер, спорттық турнирлер, мерекелік акциялар, жаңа нысандардың ашылуы және басқа да шаралар ұйымдастырылады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Жаңа нысандар ашылады

Мереке қарсаңында елордада екі жаңа кешен жұмысын бастайды:

М. Төлебаев көшесі, 3 – «TANYM SPORT» спорт кешені;

Сұлтан Бейбарыс көшесі, 15 – «TANYM ART» өнер кешені.

Сондай-ақ №2 қалалық балалар ауруханасының қосымша ғимараты мен №2 көпбейінді аурухананың қабылдау-диагностикалық кешенін ашу жоспарланған.

Концерттер мен мәдени іс-шаралар

20 қазанда сағат 17:00-де «Жастар» сарайында «Елім деп соққан жүрегім» патриоттық кеші өтеді.

21 қазанда сағат 11:00-де Сәкен Сейфуллин музейінде «Ұлт рухын ұлықтаған Сәкен» атты мәдени кеш ұйымдастырылады.

22 қазанда сағат 19:00-де «Жастар» сарайында «Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрі «Ұлы дала әуені» концертін ұсынады.

23 қазанда сағат 19:00-де «НАЗ» мемлекеттік би театры «Аңсаған арман» концертін өткізеді.

24 қазанда қаланың алты ауданында, соның ішінде Пригородный, Отау, Өнеркәсіп, Бағыстан, Өндіріс және Теміржолшылар тұрғын алаптарында, сондай-ақ бірнеше гүлзар мен қалалық алаңда мерекелік концерттер өтеді.

25 қазанда театрлар мен музейлерде арнайы бағдарламалар ұсынылады. Атап айтқанда:

Сағат 11:00-де Өнер музейінде «Рухты ел» лекция-концерті өтеді;

Сағат 16:00-де Музыкалық жас көрермен театрында «Қазақстан өнерінің мақтаныштары» шығармашылық кеші ұйымдастырылады;

Сағат 18:00-де «Абай – Тоғжан» музыкалық драмасы мен «Жас Абай» спектаклі көрсетіледі.

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі

24-25 қазанда «Қазанат» ипподромының автотұрағында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Мекенжайы: Қарқаралы тасжолы, 1. Жұмыс уақыты: 09:00–18:00. Жәрмеңкеде Қарағанды және Қостанай облыстарының шаруалары азық-түлік өнімдерін ұсынады.

Спорттық жарыстар

Мерекеге орай елордада бірнеше спорттық жарыс ұйымдастырылады.

15-17 қазан – «Барыс Аренада» жүзуден әлем кубогының кезеңі;

17-18 қазан – Sana Sport кешенінде волейбол турнирі;

19 қазан – тоғызқұмалақтан Астана чемпионаты;

20 қазан – шахматтан ашық қалалық чемпионат;

22 қазан – зейнеткерлер арасында шахмат турнирі және студенттер арасында ұлттық спорт жарыстары;

23 қазан – Қаламгерлер аллеясында тоғызқұмалақ, асық ату, армрестлинг және ләңгі тебуден жарыстар;

24 қазан – «Барыс Аренада» күрес түрлерінен әлем чемпионаты.

Жүзу және күрес жарыстарына кіру үшін билет қажет.

Оқушылар мен жастарға арналған іс-шаралар

20-24 қазан аралығында елордалық мектептерде «Егер мен Президент болсам…» тақырыбында пікірсайыстар және «Менің елім – Қазақстан» сурет байқауы өтеді.

Сондай-ақ кітапханаларда жазушылармен кездесулер, әдеби кештер, музейлерде танымдық бағдарламалар ұйымдастырылады.

25 қазанда әлеуметтік осал санаттағы балалар үшін Ұлттық музей мен «Бәйтерек» монументіне арнайы экскурсиялар өткізіледі.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью