Астанада блогер Жанәбіловтердің соты басталады

13.03.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Бүгін, 13 наурызда Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты іс бойынша сот процесі басталады. Бұл ақпаратты соттың баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот мәліметінше, қылмыстық іс бойынша алдын ала тыңдау сағат 15:00-ге тағайындалған.

Еске салайық, 2025 жылғы 9 қазанда апелляциялық алқа блогерлер Ерболат Жанәбілов пен оның жұбайы Эльмира Төлегенованың шағымдарын қанағаттандырусыз қалдырды. Бұл олардың бастапқыда әкімшілік іс ретінде қозғалған істері қылмыстық іске қайта сараланып, сол бойынша тергеу жүргізілуі мүмкін екенін білдірген.

Кейін Қаржы мониторингі агенттігі блогерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын растады. Жанәбіловтерге екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью