Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Астанада блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенованың ісі бойынша негізгі сот процесі басталды. Сот отырысы ашық режимде елорданың ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Блогерлерге заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақша мен өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату) бойынша айыпталып отыр.
Еске салайық, 13 наурызда Астанада Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенованың ісі бойынша алдын ала сот отырысы өткен болатын.
Блогерлердің адвокаты сот талқылауын жабық режимде өткізуді сұрап өтініш білдірген, алайда прокурорлар бұл ұсынысқа қарсылық танытты. Сот бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартты.
Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенова сот отырысы кезінде журналистердің оларды түсіруіне қарсы екенін айтты.
"Менің үлкен балам мектепке барады, оған біздің жеке өмірімізге қатысты орынсыз сұрақтар қойылады", - деп түсіндірді Эльмира Төлегенова.
Сонымен қатар, сот отырысы барысында Жанәбіловтердің адвокаты істі прокурорға қайтаруды сұрады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!