Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Астанада туристік полицияның екі қызметкері блогермен бірге түскен видеодан кейін жұмыстан шығарылды. Кадрда ер адам полицей қыздардың бірін көтеріп алып, айналдырып жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астана полиция департаменті қызметкерлердің міндетін атқару кезінде әдеп нормалары мен полиция қызметкеріне қойылатын мінез-құлық талаптарын бұзғанын мәлімдеді.
"Қызметтік міндет атқарып жүргенде және форма киіп жүргенде мұндай әрекетке жол берілмейді. Полиция қызметкері кез келген жағдайда кәсіби арақашықты сақтап, қызметтік әдептен аспауға тиіс", - деп хабарлады департамент.
Қызметтік тексеріс нәтижесі бойынша екі қызметкер де ішкі істер органдарынан босатылды.
Еске салайық, бұған дейін мысырлық тревел-блогер Ахмед Хаггагович Астанада полиция қызметкерлерімен видео түсірген болатын, оны кейбір қазақстандықтар ерсі деп санады. Блогер екі полицей қызбен бірге билеп, олардың бірін көтеріп, айналдырған.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу