Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Астанада көшеде қыздың соңынан еріп, оған қатысты әдепсіз әрекеттер жасаған 27 жастағы ер адам ұсталды. Бұған дейін желіде оқиғаның видеосы тарап, содан кейін полиция тексеруді бастаған болатын, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астана қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, елорда тұрғыны белгісіз ер адамның заңсыз әрекеттеріне шағымданып, полицияға жүгінген.
Полицейлер ер адамның кім екенін анықтап, оны ұстады. Ведомствоның дерегінше, ол көшеде қыздың соңынан қалмай еріп, ғимаратқа кіре берісте оған қатысты әдепсіз сипаттағы әрекеттер жасаған.
"Ер адам уақытша ұстау бөлмесіне қамалды. Оған қатысты әкімшілік іс қозғалды. Іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді", - деп хабарлады полиция.
Видеода не бейнеленген?
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Астана қаласының Полиция департаменті (@police__astana) жариялаған жазба
Бұған дейін әлеуметтік желілерде қыздың көшеде келе жатқаны және оның артынан белгісіз ер адамның еріп келе жатқаны түсірілген видео пайда болды. Қыз ғимаратқа қарай бет алғанда, ол да соңынан еріп, есікті ашып берген, ал қыз ішке кірмек болған сәтте оның бөксесінен ұстап, кетіп қалған..
Қыздың айтуынша, оқиғадан кейін ол полицияға арызданған.
Бұл оқиға әлеуметтік желілерде қызу талқыланды. Пікір қалдырған көптеген әйел мұндай жағдайларға өздері де тап болғанын жазды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу