Астанада бос жұмыс орындарына арналған кезекті жәрмеңке өтеді

27.08.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Астана қаласындағы «Жастар» сарайында бос жұмыс орындарына арналған кезекті жәрмеңке өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жәрмеңкеде 50 жұмыс беруші жастарға 1 000-нан астам өзекті бос жұмыс орындарын ұсынады.
Қатысушылар бос жұмыс орындарымен танысып, еңбек жағдайлары мен жұмыс берушілердің талаптары туралы ақпарат ала алады, сондай-ақ жәрмеңке барысында тікелей сұхбаттан өте алады.

Жәрмеңке 27 тамыз күні Республика, 34 мекенжайында орналасқан «Жастар» сарайында сағат 14:00-16:00 аралығында өтеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью