Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Фестиваль белсенді демалысқа, спорттық жарыстар мен ерекше эмоцияларға толы үлкен алаңға айналмақ. Іс-шараның басты мақсаты — бұқаралық спортты дамыту, қысқы спорт түрлерін насихаттау және салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтардың басын қосу.
Фото: Астана әкімдігіБағдарлама аясында спорттың 13 түрі бойынша жарыстар ұйымдастырылады. Атап айтқанда: шаңғы жарысы, гір спорты, қол күрестіру, пимамен хоккей, белбеу күресі, мотокросс, автоспорт, арқан тарту, қысқы шағын футбол, қар лақтыру сайысы, қысқы волейбол, мас-рестлинг және көңілді тюбинг жарыстары.
Фото: Астана әкімдігіФото: Астана әкімдігі— Фестивальге қатысушылар өз мүмкіндіктерін байқап, бағалы сыйлықтар үшін бақ сынай алады. Қатысушыларды тіркеу 08:30–10:00 аралығында жүргізіледі, жарыстар сағат 10:00–де басталады. Қатысу — тегін, — делінген хабарламада.
Бұған дейін биыл елімізде 20-дан астам ірі халықаралық жарыс өтетіні мәлім болды.