Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Қазақстанның ерлер құрамасы бірінші әлемдік топ аясында элитадағы орнын сақтау үшін Монако құрамасымен кездеседі.
Өз алаңында өтетін матчтарға Қазақстан құрамасы барынша мықты құраммен шығады. Бапкерлер штабы барлық көшбасшы ойыншыларды сапқа қосты. Елордалық кортта Александр Бублик, Александр Шевченко, Бейбіт Жұқаев, Тимофей Скатов, Дмитрий Попко және Денис Евсеев өнер көрсетеді.
Матчтар Beeline Arena ұлттық теннис орталығының жабық хард кортында өтеді. Турнир бағдарламасына төрт жекелей матч және бір жұптық кездесу енгізілген.
Қазіргі таңда Қазақстан ерлер құрамасы Davis Cup Nations Ranking рейтингінде 31-орында тұр. Ал Монако құрамасы 44-сатыда орналасқан.
Айта кетейік, Қазақстандық теннисшілер әлемдік рейтингіде жоғары көтерілді.