Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
АСТАНА, 10 қыркүйек – Sputnik. Астанада екі автобус жол апатына түсіп, бір адам жарақат алды, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.
Оқиға 10 қыркүйекте болды.
"Yutong" маршруттық автобусының жүргізушісі Қошқарбаев даңғылы жағынан Сарайшық көшесімен келе жатып, "Арқар" көпіріне шыққанда қашықтық сақтамай, "Iveco" маршруттық автобусымен соқтығысқан", - дейді полицияда.
Салдарынан "Iveco" маршруттық автобусының жолаушысы жедел жәрдем бригадасымен медициналық мекемеге жеткізілді.
Тергеу жүріп жатыр.