Астанада екі деңгейлі жол жобасы жүзеге аса ма

03.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Осыған байланысты Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жоба жайлы түсінік берді. Басқарманың мәліметінше, жоба қазіргі уақытта жобалауды бастауға қажетті бастапқы деректерді жинау сатысында тұр. Техникалық шарттарды нақтылау, қолданыстағы инфрақұрылымды талдау, сондай-ақ бастапқы-рұқсат беру құжаттарын жинау және өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

— Осы кезең аяқталғаннан кейін жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары басталады. Инженерлік ізденістер мен кейінгі жобалау барысында көпдеңгейлі жол шешімдерін, оның ішінде эстакадалар, тоннельдер және өзге де көлік құрылыстарын салу қажет болатын учаскелер айқындалады, — делінген хабарламада.

Сондай-ақ жобаның соңғы параметрлері мен конфигурациясы жобалық-сметалық құжаттама әзірленгеннен кейін, көлік жүктемесі, қала құрылысы талаптары және қауіпсіздік нормалары ескеріле отырып анықталады деп атап өтілген.

— Қазіргі таңда жоба бастапқы деректерді жинау сатысында болғандықтан, оны іске асырудың алдын ала құны әлі белгіленген жоқ. Бағалау жобалық-сметалық құжаттама әзірленгеннен кейін жүргізіледі, — деп жауап берді әкімдіктен. Еске сала кетейік, Жеңіс Қасымбек LRT желісі қашан іске қосылатынын айтқан еді.

 Сонымен қатар Астананың жаңа келбетін айқындайтын дизайн-код жасалады. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью