Астанада екі лифтіні бүлдіріп кеткен ер адамды полиция іздестіріп жатыр

23.06.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Фото: Видеодан скрин

Оқиға 21 маусым күні кешке Тәуелсіздік даңғылындағы тұрғын үйлердің бірінде болған. Бақылау камераларына түсіп қалған бейнежазба әлеуметтік желілерде тарады. Кадрлардан ер адамның лифтіге кіріп, кабина есігі мен ішкі қаптамасын жұдырықтап, бүлдіре бастағанын көруге болады. Куәгерлердің айтуынша, оқиға салдарынан екі лифт зақымданған.

Астанада күн сайын шамамен 1500 құқықбұзушылық тіркеледі

Тұрғындардың болжамынша, ер адам оқиға кезінде мас күйде болуы мүмкін. Бейнежазба жарияланғаннан кейін тұрғындар құқық бұзушының жеке басын анықтап, ортақ мүлікке келтірілген залал үшін жауапқа тартуды талап етті.

Астана қалалық полиция департаменті аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.

«Қазіргі уақытта ер адамның жеке басы және оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Соңғы үш айда құқықбұзушылық саны 15,1 пайызға азайды

Сондай-ақ келтірілген материалдық шығын көлемі нақтыланып жатыр.

Айта кетейік, Атырау облысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жасанды интеллект негізіндегі бейнеаналитика жүйесі енгізіліп, 400 камера ЖИ арқылы жұмыс істеп тұр. Бүгінде аталған қызмет арқылы 4500-ден астам құқықбұзушылық анықталған.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью