Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Нұра ауданындағы жеке үйлердің бірінде өрт шықты. Оқиға орнына өртсөндірушілер аттанды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқырмандар біздің редакцияға WhatsApp нөміріне жолдаған кадрлардан өрттен шыққан түтін көрінеді.
ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта құтқарушылар Нұра ауданындағы Имантау көшесінде орналасқан екі қабатты коттедждегі өртті сөндіріп жатыр.
Өрт болған жерде судың үздіксіз берілуі ұйымдастырылды.
Астанадағы өрт. Оқырман жолдаған фото
Жалын бірте-бірте күшейіп, түтін қарая бастағанға ұқсайды.
Астанадағы өрт. Оқырман жолдаған фото
"112" пультіне зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу