Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Үй салып, бірақ жарық қоса алмай жүрсіз бе? Астанада техникалық шартты алуға қалай өтінім беруге болады және желіге қосылудан бас тартудың жиі кездесетін себептері қандай? Осы сұрақтардың жауабы ТengriНome нұсқаулығында.
Поделиться
Үй салып, бірақ жарық қоса алмай жүрсіз бе? Астанада техникалық шартты алуға қалай өтінім беруге болады және желіге қосылудан бас тартудың жиі кездесетін себептері қандай? Осы сұрақтардың жауабы ТengriНome нұсқаулығында.
Астанада электр желісіне қосылу үшін техникалық шартқа қалай өтінім беруге болады?Техникалық шартқа өтінімді төрт тәсілмен беруге болады. Оның екеуі - онлайн:
"Астана-АЭК" сайты арқылы: "Техникалық шартқа өтінім беру" бөлімі. e-Petition порталында Qalaqyzmet арқылы: тіркеліп, "Қызметтер" - "Астана-АЭК" - "Электр желілеріне қосылуға техникалық шарт беру" - "Қызметке тапсырыс беру" бөліміне өтіңіз.Қалғандары - офлайн: Qalaqyzmet орталығында (Сейфуллин көш., 27), "Астана-АЭК" АҚ кеңсесінде (Домалақ ана көш., 9), сондай-ақ компанияның қызмет көрсету орталықтарында:
Сарыарқа ауданы - Е882 көшесі, 3А; Есіл ауданы - Сауран көшесі, 7Б; Алматы ауданы - Тәуелсіздік даңғылы, 22А; Байқоңыр ауданы - Абай даңғылы, 80."Астана-АЭК" АҚ-на өтінім беру үшін электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет екенін ескеріңіз.
Электр желісіне қосылу үшін техникалық шартты алуға қандай құжаттар қажет?Астана әкімдігі мәліметінше, өтінімге мыналарды қоса беру керек:
Жеке тұлғалар үшін - жеке куәлік көшірмесі, заңды тұлғалар үшін - мемлекеттік тіркеу туралы анықтама, жеке кәсіпкерлер үшін - ЖК куәлігі. Жағдайлық жоспар. Мәлімделген электр қуатының есептік негіздемесі қоса берілетін сауалнама парағы. Оны өз бетіңізше немесе сарапшы ұйымды тарта отырып дайындауға болады. Электрмен жабдықтау нысанына және/немесе жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттар көшірмесі. E-gov порталынан жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтама. Электр қондырғыларының есептік қуаты 5 МВт және одан жоғары тұтынушылар өтінімге тұтынушының сыртқы электрмен жабдықтау схемасын қоса беруі тиіс. Оны лицензиясы бар мамандандырылған жобалау ұйымдары әзірлейді, содан кейін энергия беруші және/немесе энергия өндіруші ұйыммен келісіледі. Егер қосылу "Астана-АЭК" АҚ желілерінен емес, өзге желілерден жоспарланса, электр желілері иесінің келісімі. Техникалық шартты беру туралы өтінім қанша уақыт қаралады?Әдетте техникалық шарт келесі мерзімде беріледі:
техникалық жағынан күрделі емес нысандар үшін - бес жұмыс күні ішінде; техникалық жағынан күрделі нысандар үшін - 10 жұмыс күні ішінде. Техникалық шартты беруден бас тарту себептеріНегізгі себептер:
Құжаттардың толық болмауы. Желілердің "Астана-АЭК" АҚ-на тиесілі болмауы.Айта кетейік, "Ақмола электр таратушы компаниясына" Интернациональный, Мичурино, Учхоз тұрғын алаптары, Ильинка тұрғын алабының ескі бөлігі, сондай-ақ Қосшы жатады.
Тағы оқыңыз: Суға келген күмәнді есеп: көрсеткішті тексеру мүмкін болмаса, не істеу керек?
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу