Астанада электронды кітапханаларды қалыптастырудың құқықтық мәселелері қаралды

30.01.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Жиынға Мәдениет және ақпарат, Әділет министрліктерінің өкілдері, кітапхана саласының мамандары және зияткерлік меншік саласындағы сарапшылар қатысты,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жиын барысында электронды контентті пайдалану талаптарына қатысты заңнама нормалары, сондай-ақ авторлық құқық саласындағы құқықтық реттеуді жетілдіру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар авторлық құқыққа енгізілген өзгерістер мен цифрлық ресурстарды кітапхана қызметінде заңды қолдану тәжірибелері жөнінде түсіндірмелер берілді.

Жиында Марракеш шартының маңызына және баспа өнімдерін көру қабілеті бұзылған азаматтар мен баспа өнімдеріндегі ақпаратты қабылдау мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолжетімді ету мәселесіне айрықша назар аударылды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.   

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью