Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Астана прокуратурасының мәліметінше қаражат жақын туыстары мен үлестес тұлғалардың шоттарына аударылып, жымқыруды заңды қаржылық операциялар ретінде бүркемелеген.
Жымқырылған қаражаттың бір бөлігі қымбат тұрмыстық техника сатып алуға, сондай-ақ Италияға туристік сапарлардың ақысын төлеуге жұмсалған.
Қазіргі таңда мемлекетке келтірілген жалпы залал 675 млн теңгеден асты.
Аталған дерек бойынша прокуратура органдары Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Қылмыстық іс шеңберінде елорда прокуратурасының арнайы прокурорлары тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр.
Айта кетелік Астанада жаңа емханалар ашылып, медициналық қызмет цифрландырылған еді.