Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Астанадағы қалалық емханалардың бірінде бюджет қаражатын ірі көлемде жымқыру схемасы анықталды. Елордалық прокуратура мәліметінше, пациенттерді емдеуге арналған ақша туыстары мен үлестес тұлғалардың шоттары арқылы заңсыз шығарылып келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тексеріс нәтижесінде медициналық мекеменің бұрынғы басшылығы ұзақ уақыт бойы заңсыз қаржылық операцияларды ұйымдастырғаны белгілі болды. Қаражат заңды төлемдер ретінде бүркемеленіп, кейін сенімді тұлғалардың шоттарына аударылып отырған.
"Жымқырылған қаражаттың бір бөлігі қымбат тұрмыстық техника сатып алуға, сондай-ақ Италияға туристік сапарлардың ақысын төлеуге жұмсалған", - деп хабарлады прокуратура өкілдері.
Алдын ала мәлімет бойынша, мемлекетке келтірілген жалпы шығын көлемі 675 миллион теңгеден асады..
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қазіргі уақытта елордалық прокуратураның арнайы прокурорлары қажетті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Осы схемаға қатысы бар барлық тұлғалар мен оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Следите за нашими новостями в Google News
Подписаться