Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Астана қаласындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде қайғылы жағдайдың алдын алған оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Көпқабатты үйдің 12-қабатындағы балконда тұрған кішкентай баланы тұрғындардың бірі дер кезінде байқап, құтқарып қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: Ашық дереккөз
Куәгерлер түсірген бейнежазбада ер адамның баланың қауіпті жерде тұрғанын көріп, бірден лифт арқылы жоғары көтерілгені байқалады. Ол дер кезінде жетіп, бүлдіршінді қауіпсіз жерге алып шыққан.
Алдын ала мәлімет бойынша, бала пәтерден өздігінен шығып кеткен. Сол сәтте үйде болған әкесі қатты ұйықтап жатқан. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеді.
Әлеуметтік желі қолданушылары баланы құтқарып қалған азаматтың әрекетіне ризашылық білдіріп, оны нағыз батыр деп атап жатыр. Сонымен қатар көпшілік ата-аналарды балалар қауіпсіздігіне мұқият болуға шақырды.
Мұндай жағдайлар соңғы жылдары елімізде жиілеп кеткен. Төтенше жағдайлар қызметі әсіресе жаз мезгілінде терезе мен балкон қауіпсіздігіне ерекше назар аудару қажеттігін үнемі ескертеді. Мамандар ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауға, терезелерге арнайы бекіткіш орнатуға және қауіпті аймақтарға жақын жиһаз қоймауға кеңес береді.
Айта кетейік, Ақтөбе облысында 11 жастағы бала ойын алаңында ауыр жарақат алды.
Оралда қаңғыбас иттер бес жасар баланы талап тастады.
Ауғанстанда балалар некесі заңдастырылып жатыр.
Соңғы жаңалықтар
Астанада ер адам 12-қабатта тұрған кішкентай баланы құтқарып қалды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда мәдениет қызметкерлеріне 60 пәтердің кілті табысталды
Мәдениет • Бүгін, 17:50
Мемлекет басшысы Ерлан Қошановты қабылдады
Президент • Бүгін, 17:22
Ауғанстанда балалар некесі заңдастырылып жатыр
Әлем • Бүгін, 17:20
Ұлттық банк: Ипотека мен автонесиеге сұраныс төмендеді
Банк • Бүгін, 16:55
Ұлттық фильм мәртебесі: Мемлекет қандай бағыттағы туындыларды қаржыландыруға дайын?
Кино • Бүгін, 16:54
Депутат Hilton қонақүйіне қатысты дауды тексеруді талап етті
Оқиға • Бүгін, 16:40
30 жылдық белес: ЕҰУ жаңа даму кезеңіне қадам басты
Университет • Бүгін, 16:32
Тауармен бірге жоғалып кетеді: Елімізде жеткізу қызметіне қатысты шағымдар жиілеген
Қоғам • Бүгін, 16:20
Трамп Польшаға қосымша 5 мың әскер жібермекші
Әлем • Бүгін, 16:17
Халықаралық іздеуде жүрген ерлі-зайыпты Грузияда ұсталды
Оқиға • Бүгін, 16:03
Жиһаз жасату немесе пәтер жөндеу кезінде алданып қалмас үшін не істеу керек?
Сауда • Бүгін, 16:00
Екібастұздағы негізгі электр станцияларының қысқы маусымға дайындығы тексерілді
Аймақтар • Бүгін, 15:45
Келуші мейрамханадағы дәмсіз әрі шикі тағамның ақысын төлеуден бас тарта ала ма?
Қоғам • Бүгін, 15:41
Елімізде сатушылардың үстінен QR-код арқылы шағымдану жүйесі енгізіледі
Сауда • Бүгін, 15:36