Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
АСТАНА, 6 қараша – Sputnik. Астанада ер адам көп қабатты тұрғын үй алдында қарияны ұрып, оған араша түспек болған 41 жастағы әйелге шабуыл жасады.
Оның бұл әрекеті видеоға түсіп қалған.
28 жастағы ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғады.
"Ол алкогольдік масаң күйде егде жастағы ер адамға дене жарақатын келтірген, сондай-ақ жәбірленушіге араша түспек болған әйелді де соққыға жыққан", - дейді полицейлер.
Полиция азаматтарға қатысты кез-келген зорлық-зомбылық, дөрекілік пен агрессияға жол берілмейтінін және мұндай әрекеттер заңда көзделген жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертеді.