Астанада ерекше балалар арнайы мамандары жоқ жалпы сыныпта білім алған

28.03.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

— Түскен өтінішті қарау барысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар бір топ оқушының арнайы жағдайлар жасалмастан және бейінді мамандардың — дефектологтардың, логопедтердің және педагог-психологтардың қатысуынсыз жалпы білім беретін сыныптарда оқығаны анықталды. Мұндай бұзушылықтар балаларды олардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып білім алу мүмкіндігінен айырды, — делінген хабарламада.

Байқоңыр ауданы прокуратурасының прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесінде Астана қаласындағы мектепте заңнама талаптарына сәйкес жабдықталған және білікті мамандармен қамтамасыз етілген арнайы (түзету) сыныбы ашылды.

Қабылданған шаралар оқушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге, сондай-ақ олардың толыққанды білім алуына, дамуына және әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасауға мүмкіндік берді.

Кәмелетке толмағандардың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың құқықтарын қорғау бағытындағы аудан прокуратурасының жұмысы жүйелі түрде жалғасуда.

Осыған дейін Ақтаудағы түзету орталығында ерекше балалардың құқықтары бұзылғанын жазғанбыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью