Астанада ерекше перформанс өтіп, Шәмші Қалдаяқовтың әндері жаңа форматта шырқалды

15.08.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Композитордың туған күніне орай Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермендер театрының әртістері көпшілікке кеңінен танымал әндерін қала кеңістігінде орындап, көрерменге тарту етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Перформанс барысында жас өнерпаздар композитордың «Арыс жағасында», «Сағынышым менің», «Бақыт құшағында», «Ана туралы жыр», «Құшақ жайған қандай адам», «Жан құрбым» және «Қайықта» сынды танымал шығармаларын орындады.

Музыкалық қойылымның ерекшелігі – оның қала кеңістігінде ұйымдастырылуында.

Өнерпаздар Шәмші Қалдаяқовтың шығармалары орындалатын пианино инсталляциясының жанына жайғасып, өнер көрсетті.

Осылайша, әдеттегі сахналық қойылымнан тыс форматта ұйымдастырылған перформанс музыка мен елорда тұрғындарын және қонақтарын бір арнаға тоғыстырды.

Бұл жас өнерпаздарға Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығын бүгінгі көрерменге жаңаша танытып, композитордың мол мұрасын заманауи форматта жеткізуге мүмкіндік берді.

«Шәмшінің әндері ұрпақты ұйыстырады. Оның әндерін әр жастағы адам біледі, сүйіп тыңдайды. Біз үшін бұл шығармалардың сахнадан ғана емес, қала кеңістігінде де шырқалып, Астананың күнделікті тыныс-тіршілігінің бір бөлшегіне айналуы маңызды», – деді Музыкалық жас көрермендер театрының директоры Асхат Маемиров.

Сонымен қатар елордадағы музыкалық қойылымдар бірнеше алаңда – «Бәйтерек» монументі маңында және Арбатта ұйымдастырылды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью