Астанада ерекше қажеттілігі бар оқушыны қатарластары соққыға жыққан

25.05.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Фото: aigul_taibekova2207/Instagram

Әйелдің айтуынша, оқиға сабақтан кейін болған. Оның ұлын мектептен шыққан кезде сегіз оқушы күтіп тұрған. Солардың бірі жасөспірімге артынан шабуыл жасап, тұншықтырып, соққыға жыққан.

«Менің ұлымда сөйлеу және психикалық даму тежелісі бар. Ол қасындағылардың не үшін бұлай жасағандарын да толық түсіне алмаған. Ал айналасындағы балалар күліп қарап, телефонға түсіріп тұрған» деп жазды әлеуметтік желі парақшасында зардап шегушінің анасы.

Мектептегі қысым: Балалар арасындағы буллингтің зардабы қандай?

Оқиғаға қатысты Астана қаласының Полиция департаменті түсініктеме берді. Ведомство мәліметінше, жанжалға қатысқан барлық жасөспірім анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілген.

«Олар профилактикалық есепке қойылды. Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу міндетін орындамағаны үшін олардың заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар мектеп әкімшілігі мен заңды өкілдердің қатысуымен құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі кеңес өткізілді», делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қызылорда қаласындағы «Болашақ» медициналық колледжі жатақханасында буллингтен бірінші курс студенті қаза тапқан еді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью