Arasha.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Бүгін Астанада Алматы әкімінің бұрынғы кеңесшісі Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала тыңдау басталды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Бастапқыда сағат 15:00-ге жоспарланған сот отырысы конвойдың кешігуіне байланысты 16:00-ге ауыстырылды. Сот ғимаратына жиналған БАҚ өкілдеріне залға кіруге рұқсат берілмеді. Қоғамдық маңызы бар істің не себепті жабық жағдайда өтіп жатқаны туралы ресми түсініктеме әзірге берілген жоқ.
Ержан Бабақұмаров 2025 жылдың 30 қазанына қараған түні Астанадағы «Millennium Park» тұрғын үй кешенінде қаза тапқан болатын. Осы қылмысқа қатысты күдікті ретінде Ербол Кәукетай ұсталды.
Тергеу амалдары биылғы жылдың қаңтар айының басында аяқталып, іс сотқа жолданды. Атышулы істі Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Айжан Құлбаева қарауда.