Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Астанада Есіл өзенінен 54 жастағы ер адамның мәйіті табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғады.
Оқиға орнынан түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде тараған. Астана қалалық Полиция департаменті ер адамның мәйіті табылғанын растады. Тәртіп сақшылары марқұмның жеке басын анықтаған. Ол елорданың 54 жастағы тұрғыны болып шықты.
«Есіл өзенінде мәйіттің табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері марқұмның Астана қаласының 54 жастағы тұрғыны екенін анықтады», – деп мәлімдеді Полиция департаменті.
Алдын ала мәліметке сәйкес, ер адамның денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған. Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр.