Астанада Есіл өзенінен ер адам құтқарылды

16.08.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

АСТАНА, 16 тамыз – Sputnik. Астана қаласы Сарайшық ауданында "Арыс" көпірінің астында ер адам Есіл өзенінен жүзіп өтпек болған, алайда ол өздігінен жағаға жете алмаған, деп хабарлайды тқтенше жағдайлар министрлігі.

Осы аумақта кезекшілікте болған ТЖМ құтқарушылары аталған оқиғада жедел әрекет етті. Құтқарушылар құтқару шеңберінің көмегімен ер адамды судан алып шықты.

Құтқарылған 1985 жылы туған ер адам медициналық тексеруден өту үшін жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

ТЖМ азаматтарға судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью