Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Елордада синтетикалық есірткі айналымына қарсы жүргізіліп жатқан жұмыс туралы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Әлия Қибатқызы Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтып берді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Спикердің айтуынша, елордадағы есірткінің негізгі көзі – жасырын зертханаларда өндірілетін синтетикалық заттар.
Оларды жасау оңай әрі интернет арқылы тез таралуы салдарынан мұндай есірткілер қала ортасына жылдам еніп жатыр.
Осыған байланысты полицияның жеке құрамына есірткі зертханаларын анықтау және оны таратумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтардың жолын кесу міндеті қойылған.
- Жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында есірткі қылмыстарының алдын алу және анықтау бойынша әдістемелік ұсынымдар дайындалып, департаменттің барлық бөлімшесіне жолданды.
Биыл арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары барысында интернет арқылы есірткі саудалаған үш ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды.
Сондай-ақ синтетикалық есірткі өндіретін бір есірткі зертханасы жойылды.
Қылмыстық схемалардың барлық қатысушысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді Әлия Қибатқызы.