Астанада ет жәрмеңесі өтеді

14.11.2025

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Сенбі-жексенбі күндері (15-16 қарашада) Алаш тасжолы бойында орналасқа "Керуен жолы" базарындағы ет жәрмеңкесіне Абай, Ақмола, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласының шаруалары қатысады, деп жазады Egemen.kz.

- Біз мұндай форматтағы ет жәрмеңкесін өткен жылы да өткізгенбіз. Халықтың сұранысы жоғары. Осы уақытта халық соғымға келілеп емес, ірі-қараны тұтас етімен алады. Өңірдегі төрт-түлік асырап отырған ағайын осында келіп етті делдалсыз сатады. Сондықтан баға да арзан, – деді ет жәрмеңкесін ұйымдастырушы Айтуған Күзембаев.

Алдағы жәрмеңкеде ірі қара еті 2700 теңгеден бастап 3000 теңгеге дейін сатылмақ. Мұнда еттен бөлек әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қатарына жататын өнімдерді де арзан бағада алуға болады.

Айта кету керек "Керуен Жолы" базары сауда заңнамасындағы талаптарға сай салынған елордадағы замануи сауда нысандарының бірі.

12 мың шаршы метрді құрайтын базар ет сақтайтын арнайы мұздатқыштармен, лаборатория, келушілер үшін кең көлік тұрағымен қамтылған.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью