Астанада етті заңсыз өңдейтін цех анықталды

19.11.2025

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Ветеринариялық-санитариялық қызмет мамандары полиция қызметкерлерімен бірлесіп Астанада ауыл шаруашылығы жануарларының етін заңсыз өңдейтін цехты анықтады, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Тексеру барысында цехтың ауыл шаруашылығы жануарларының бастарынан алынған етті ветеринариялық-санитариялық қорытындысыз және есептік нөмірсіз өңдеп келгені белгілі болды.

Қарау кезінде инспекторлар жануарлардың бастарын, майды, қалдықтарды, сондай-ақ жалпы салмағы 3 тонна болатын дайын өнім салынған 180 қапты тәркілеп алды. Сондай-ақ цех ішінен ет өңдеуге арналған арнайы құрал-жабдықтар анықталды.

Цех қызметіне жауапты жеке тұлғаға әкімшілік айыппұл салынды. Заңсыз дайындалған барлық өнім қалалық полигонда өртеп жойылды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью