Астанада эвакуация ақылы болды автомобильдер айыппұл тұрағына жеткізілуде

28.04.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Астанада жол ережесін бұзғаны үшін көлік құралдарын ақылы эвакуациялау жүйесі енгізілді, - деп хабарлайды Tengri Auto Астана әкімдігіне сілтеме жасап.

Астанада жол ережесін бұзғаны үшін көлік құралдарын ақылы эвакуациялау жүйесі енгізілді, - деп хабарлайды Tengri Auto Астана әкімдігіне сілтеме жасап.

Жол қозғалысын ұйымдастыру орталығы мәліметінше, эвакуациялау елордалық мәслихаттың шешімімен ақылы болды.

"Мәслихат шешіміне сәйкес, ең алдымен жаяу жүргіншілер өткелдерінде, тротуарларда және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған орындарда дұрыс қойылмаған көліктер эвакуацияланады. Мұндай заңбұзушылықтар жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді", - деді ЖҚҰО директоры Марат Садуаов.

Эвакуация адамдар көп шоғырланатын, тыйым салу белгілері орнатылған және қозғалысқа кедергі келтіретін аумақтарда жүргізіледі.

Мамандардың айтуынша, қаладағы көлік саны сырттан келетіндерді есепке алғанда 600 мыңнан асады. Камералар күн сайын тоқтау және тұраққа қою ережелерін бұзудың екі мыңнан аса жағдайын тіркейді.

Жүйе қалай жұмыс істейді?

Эвакуациялау процесі цифрландырылған.

ОБСУЖДАЕТСЯ СЕЙЧАС

Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне ресми түрде қосылу рәсімі Астанада өтуі мүмкін

Кеше 20:44 1

Арнайы кешендер заңбұзушылықтарды тіркейді; мәліметтер шешім қабылдау үшін полицияға түседі; жүргізушіге eGov Mobile арқылы хабарлама барады; содан кейін ақпарат Жедел басқару орталығына беріледі.

Эвакуациялау туралы шешімді және нұсқаманы полиция қызметкері цифрлық сервистер арқылы ресімдейді.

Егер жүргізуші заңбұзушылықты сол жерде жойса, көлік әкетілмейді - тек әкімшілік жазамен шектеледі.

"Ал көлігін таппай қалған жүргізушілер 102 немесе 112 нөмірлеріне хабарласып, ақпарат ала алады. Көлікті қайтару үшін Полиция департаментінің әкімшілік тәжірибе бөліміне жүгініп, рұқсат алып, арнайы тұрақтан алып кетуі қажет", - деп нақтылады ЖҚҰО.

Бұл қанша тұрады?

Эвакуациялау құны 12 975 теңге (3 АЕК) болады, сондай-ақ көлікті тұрақта сақтау ақысы бөлек төленеді.

Еске салсақ, билік айып тұрағында көлікті сақтау үшін сараланған тариф енгізуді жоспарлаған болатын:

эвакуацияланған сәттен бастап 3 сағатқа дейін - тегін; алғашқы тәулік - 1,5-тен 5 АЕК-ке дейін (2026 жылы шамамен 6 487-ден 21 625 теңгеге дейін); әрі қарай құны артуы мүмкін - 2-7 АЕК-ке дейін (2026 жылы 8 650-ден 30 275 теңгеге дейін).

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью