Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның құрметіне мемориалдық тақта ашылды

25.12.2025

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

АСТАНА, 25 желтоқсан - Sputnik. Астанада қызметтік міндетін орындау барысында қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанға арналған ескерткіш тақта орнатылды, деп хабарлады қала әкімдігі.

© Photo : Пресс-служба Министерства здравоохранения РКФельдшер Ұлдана Мырзуан

Фельдшер Ұлдана Мырзуан

© Photo : Пресс-служба Министерства здравоохранения РК

Ескерткіш тақта Астанада қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы ғимаратының қабырғасына орнатылды.

Естеріңізге сала кетейік, кәсіби қызметін атқару барысында ауыр жарақат алған фельдшер Ұлдана Мырзуан 18 қараша күні ауруханада қайтыс болған еді.

Тақтаның ашылу рәсіміне денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен Ұлдана Мырзуанның анасы Сәлима Ишанқұлқызы, туыстары және жедел медициналық жәрдем станциясының қызметкерлері қатысты.

Сонымен қатар министр Ұлдана Мызуанның есімі отандық медицина тарихында жазылатынын айтты.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью