Астанада гараждан басталған өрт қонақүйдің шатырына дейін тараған

03.12.2025

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Елорданың Сарыарқа ауданында Бекетай көшесіндегі ғимараттардың бірі өртеніп жатыр. Қазір жедел штаб ашылып, 2 өрт сөндіру учаскесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Өрт сөндірушілер келген кезде екі қабатты ғимараттың бірінші қабатындағы гаражда екі автокөлік жанып жатқаны анықталды. От жанында орналасқан төрт қабатты қонақүйдің шатырына дейін тараған.

– Жергілікті жерде жедел штаб ашылып, 2 өрт сөндіру учаскесі ұйымдастырылды. Оқпандар енгізілді, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді. Жану ошақтарына қол жеткізу және оттың одан әрі таралуын болдырмау үшін ғимараттың шатыры ашылады. Оқиға орнында құтқарушылар жоғары дәрежемен жұмыс жасап жатыр. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ, – делінген хабарламада.

Қазір 150 шаршы метр алаңды шарпыған өрт сөндірілді. Дегенмен шатыр конструкцияларын суыту және бөлшектеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью