Астанада генерал Панфиловтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

09.05.2026

Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

АСТАНА, 9 мамыр – Sputnik. Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштердің Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров бастаған әскери қызметшілер тобы Иван Панфиловтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.

© Photo : Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіАстанада Панфиловтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Астанада Панфиловтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

© Photo : Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Министрлік өкілдері алдымен сұрапыл соғыста қаза тапқан майдангерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Іс-шараға қарулы күштердің ардагерлері мен әскери қызметшілері мен "Жас сарбаз" әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері қатысты.

"Жеңіс күні – халқымыз үшін ерекше маңызы бар мереке. Бұл күн – Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі жолында ерлік көрсеткен батырлардың рухына тағзым ететін күн. Майдангерлердің қайсарлығы мен жанқиярлығы ешқашан ұмытылмайды. Жеңіс мерекесі ұрпақтарды бірлікке үндеп, бейбіт өмір мен тәуелсіздіктің қадірін ұғындырады. Сондықтан тарихи жадымызды сақтап, оны кейінгі буынға жеткізу – ортақ міндетіміз", – деді генерал-лейтенант Әбубәкіров.

© Photo : Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіАстанада Панфиловтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Астанада Панфиловтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

© Photo : Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Тарихи деректерге сәйкес, 1941 жылғы шілде айында Алматыда жасақталған 316-атқыштар дивизиясы Мәскеу түбіндегі шайқаста фашистік Германия әскерінің шабуылын тойтарып, қайсарлық көрсетті.

Оның ішінде 28 батыр Дубосеково торабында ондаған танкіге қарсы тұрып, жаудың жойқын күшін тоқтатты. Сол жылы 23 қарашада дивизияға соғыста ерлікпен қаза тапқан оның тұңғыш командирі Кеңес Одағының Батыры генерал Иван Панфиловтың есімі берілді Ал Астанадағы ескерткіш 2015 жылы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында "Жерұйық" саябағында ашылған болатын.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью