Астанада ғимарат опырылып, бес адам құтқарылды

08.11.2025

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

– Құтқарушылар келгеннен кейін ғимараттың бірінші қабатында орналасқан дүкеннің кіреберісінде 150 шаршы метр аумақта кондиционер мен қаптаманың құлағаны анықталды. Құтқарушылар жарақат алғандарды алып шығып, қаптаманың одан әрі құлау қаупін жойды. Зардап шеккендер жедел жәрдем бригадасына тапсырылды, - деп хабарлады Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаменті.

Оқиға орнында бөлшектеу және апаттық қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

Төтенше жағдайлар департаменті бес адамның жарақат алғанын, олардың ішінде балалар жоқ екенін нақтылады.

Павлодарда құлаған мектеп ғимаратының астынан адамның денесі табылғанын жазған болатынбыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью