Астанада гроссмейстер Сергей Карякиннің шахмат клубы ашылды

25.10.2025

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

АСТАНА, 25 қазан – Sputnk. "Орыс үйлеріндегі шахмат дипломатиясы" жобасы Қазақстанда, Тәжікстанда, Венгрияда, Иорданияда, Танзанияда, Чилиде, Замбияда, Мысырда, Маврикий Республикасында және Үндістанда іске қосылды.

Ашылу рәсіміне Орыс үйлерінің Қырғызстандағы, Тәжікстандағы және Иорданиядағы өкілдері қатысты.

"Бұл өте маңызды жоба есептеймін. Сергей Корякиннің "Шахмат клубы жобасы" – адамдарды ақыл-ой, мәдениет арқылы, Ресейдің тарихы мен дәстүріне құрмет көрсету арқылы біріктіретін платформа", - деді ашылу салтанатында гроссмейстер Сергей Карякин.

Оның айтуынша шахмат клубының базасында білім беру бағдарламалары, турнирлер және шеберлік сабақтары өткізіледі.

© Sputnik/ Ануар МаратовАстанада Сергей Карякиннің шахмат клубы ашылды

Астанада Сергей Карякиннің шахмат клубы ашылды

© Sputnik/ Ануар Маратов

Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің кеңесші-елшісі Юрий Мельник жоба Ресейдің шетелдермен ынтымақтастығын дамытуға бағытталғанын атап өтті.

"Осы ежелгі ойын арқылы халықаралық байланыстарды нығайтуға мүмкіндік бар", - деп түсіндірді ол.

Ресми ашылудан кейін қатысушылар арасында онлайн және офлайн ойындар өткізілді. Тіпті қонақтардың бірі виртуалды шахмат тақтасында Сергей Карякинмен бақ сынасты.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью