Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Елордалық хирургтер жаңа туған нәрестеге күрделі ота жасап, ісікті алып тастады. Ісіктің салмағы екі келіден асты, бұл сәбидің туған кездегі жалпы дене салмағының жартысына жуығын құраған, деп хабарлайды TengriHealth.
Елордалық хирургтер жаңа туған нәрестеге күрделі ота жасап, ісікті алып тастады. Ісіктің салмағы екі келіден асты, бұл сәбидің туған кездегі жалпы дене салмағының жартысына жуығын құраған, деп хабарлайды TengriHealth.
Не болды?Ата-анасы ұрықтың сирек кездесетін патологиясы туралы жүктілік кезінде білген. УДЗ мәселенің барын 21-аптада анықтаған. Бұл туралы бізге отаға тікелей қатысқан UMC балалар хирургиясы клиникалық-академиялық департаментінің неонаталды хирургі Нұрхат Мұхаметқалиев айтып берді.
Оның мәлімдеуінше, әйел тұрғылықты жері бойынша дәрігерлердің бақылауында болған. 38 апта мен 6 күн мерзімінде дәрігерлер кесар тілігі арқылы босандыру отасын жасады.
Дәрігердің айтуынша, сәби мерзімінде, 4500 грамм салмақпен дүниеге келген, алайда осы салмақтың басым бөлігін диаметрі шамамен 25–30 сантиметр болатын алып ісік құраған.
Кішкентай емделушінің жағдайы өте ауыр болғандықтан, оны Астанаға тасымалдау туралы шешім қабылданды.
"Келесі күні тыныс алу аппаратына қосылған сәби Шымкенттен Астанадағы Ана мен бала орталығының неонаталды хирургия бөліміне санавиациямен жеткізілді. Оған туа біткен даму ақауы, нақтырақ айтқанда, сегізкөз-құйымшақ аймағының тератомасы диагнозы қойылды", - деді Нұрхат Мұхаметқалиев.
Анықтама: Сегізкөз-құйымшақ аймағының тератомасы - бұл сегізкөз бен құйымшақ тұсында, яғни арқаның төменгі бөлігінде, бөксе маңында дамитын туа біткен ісік.
Өмір үшін үш сағаттық арпалыс: ота қалай өтті?Барлық диагностикалық зерттеулерден кейін хирургтер ісікті алуға кірісті. Бөлім меңгерушісі Жеңіс Сақуов, неонаталды хирург Нұрхат Мұхаметқалиев және резидент-дәрігер Нұрболат Ерсайынов отаны үш сағаттан астам уақыт бойы жүргізді.
"Негізгі қиындық тератоманың алып өлшемінде және нақты анатомиялық бағдарлардың мүлдем болмауында болды. Нәрестенің бұл аймағында зәр шығару және ас қорыту жүйелерінің өмірлік маңызды мүшелері, сондай-ақ магистральды қан тамырлары мен жүйке ұштарының шоғырлары орналасқан", - дейді дәрігер.
Дегенмен, дәрігерлер салмағы 2150 грамм болатын ісікті алып тастай алды, ота ешқандай асқынусыз өтті. Хирургтер ісікті толығымен алып тастады. Қазір сәбидің салмағы 2200 грамм.
Сәбидің қазіргі жағдайы қандай?Қазір жаңа туған нәресте қарқынды терапия палатасында жатыр және қазірдің өзінде өз бетінше тыныс алып жатыр. Оның өмірлік көрсеткіштері салыстырмалы түрде тұрақты. Дәрігерлердің айтуынша, алдағы болжам гистологиялық қорытындыға байланысты болады, өйткені тератоманың кейбір түрлері қатерлі болуы мүмкін.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу