Zakon.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Полицейлердің мәліметінше, көлікті тоқтатып тексеру барысында жүк бөлігінен ірі қара малдың 26 тұтас еті мен 5 жылқының еті табылды. Жалпы салмағы 6 тоннадан асады.
"Анықталғандай, өнімдер ешқандай ілеспе құжаттарсыз және қауіпсіздігін растайтын міндетті ветеринарлық таңбаларсыз тасымалданған. Полицейлер жүктің иесін анықтады. Ол – 48 жастағы ер адам. Ветеринарлық талаптарды бұзғаны үшін оған қатысты әкімшілік шаралар қолданылды",- делінген ақпаратта.
Қазіргі уақытта тәркіленген өнімдер сараптамаға жіберіліп, тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Бұған дейін Шымкентте мектеп оқушысының өз-өзіне қол салғанын жазғанбыз.