Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Үкімет отырысында Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қызметі қаралды.
Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен буллингтің алдын алу тетіктері талқыланды. Формалды әрекет етуден бас тартып, алдын ала және нақты бағытталған профилактикалық жұмысқа көшу қажеттігіне ерекше назар аударылды. Бірқатар өңірлерде басқару тәртібі мен ведомствоаралық үйлестіруді түбегейлі күшейтуді талап ететін жағдайлардың сақталып отырғаны айтылды. Келелі кеңес Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен өтті. Оған министрліктер мен мүдделі мемлекеттік органдардың, өңір әкімдіктерінің өкілдері қатысты. Жиын қорытындысы бойынша Аида Балаева жауаптыларға бірқатар нақты тапсырма берді. Атап айтқанда, бір апта ішінде өңірлік комиссиялардың құрамын жаңартып, оларды сарапшылар қауымдастығы, ата-аналар ұйымдары, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық кеңестер өкілдері есебінен кеңейту, сондай-ақ «Қазақстан балалары» бағдарламасын іске асыру аясында өңірлерге республикалық құжат негізінде жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып, өз жоспарларын бекіту тапсырылды.