Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Турнир құқық бұзушылықтардың алдын алуға, жастар арасында тәртіптілік, жауапкершілік пен салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған «Астана — есірткісіз қала» әлеуметтік маңызы бар жобасы және «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырылады.
— Жарысқа әртүрлі бағыттағы үздік спортшылар қатысады, ал іс-шара қаланың спорт күнтізбесіндегі маңызды оқиғалардың бірі болмақ. Спортшылар Ката және Кумитэ бойынша шеберліктерін көрсетеді. 600-ден астам қатысушы татамиге шығуға ниет білдірген. Биыл турнирге Қазақстанның 15 өңірінен өкілдер қатысады, — делінген хабарламада.
Жарысты Астана қаласының «Кекушин Будокай Каратэ федерациясы» қоғамдық бірлестігі, қалалық Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, сондай-ақ елордалық Дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырады.
Турнирдің ресми ашылуы 15 ақпан күні сағат 16:00–де Ахмет Байтұрсынұлы көшесі, 18 мекенжайында орналасқан Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде өтеді.