Астанада кенелер көбейді: дәрігерлер тұрғындарға ескерту жасады

16.05.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Осыған байланысты Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тұрғындарға сақ болуға және кене шаққан жағдайда дереу медициналық көмекке жүгінуге шақырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Мамандардың айтуынша, кенені өз бетімен жұлып алуға болмайды. Себебі паразиттің денесі зақымданып, басы тері астында қалып қоюы мүмкін. Бұл инфекцияның таралу қаупін арттырады.

Кене шаққан жағдайда ересектер келесі травмпункттерге жүгіне алады:

- Р. Қошқарбаев даңғылы, 66 – №1 көпсалалы қалалық аурухана;

- Ә. Молдағұлова көшесі, 26Б – №3 көпсалалы қалалық аурухана.

Балаларға арналған травмпункт:

- Р. Қошқарбаев даңғылы, 64 – №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасы.

Сондай-ақ көмек қалалық инфекциялық орталықтарда да көрсетіледі.

Дәрігерлер табиғат аясында демалғанда жабық киім киіп, арнайы репеллент қолдануға және серуеннен кейін денені мұқият тексеруге кеңес береді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью