Астанада көлігі қалың көше қилысында жүк көлігі отқа оранды видео

05.01.2026

Zakon.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт Нұра ауданындағы Айтматов пен Сығанақ көшелерінің қиылысында болды. Оқиға куәгерлері оттың лезде пайда болғанын айтады. Жүк көлігінің кабинасын қызыл жалын ораған, жол үстінде қалың қара түтін пайда болған, оттың таралу қаупі де туындаған.

"Хабар түскен бойда ТЖМ бөлімшелері жедел түрде оқиға орнына жіберілді. Өрт сөндірушілер келген кезде жүк көлігінің кабинасы ашық жалынмен жанып жатқан. Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда".
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью