Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Астанада автотұрақтарды басқару жүйесін жетілдіру аясында тұраққа заңсыз қойылған көліктерді эвакуациялау шаралары күшейтіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Қазіргі уақытта елорда жолдарының 30 пайызы цифрлық бақылау жүйесімен қамтылған. Бұл көрсеткішті 70 пайызға дейін арттыру үшін қалада қосымша 28 аппараттық-бақылау кешенін орнату жоспарланып отыр.
Мәліметке сәйкес, ай сайын тұраққа заңсыз қойылған көліктерге қатысты 700-ден астам өтінім түседі. Соның нәтижесінде орта есеппен 530 автокөлік арнайы коммуналдық тұраққа эвакуацияланады.
Осыған байланысты қала билігі эвакуация қызметінің жұмысын күшейту мақсатында тағы 10 эвакуатор сатып алуды ұсынып отыр. Сонымен бірге қазіргі 13 мың теңгені құрайтын эвакуация қызметінің тарифін қайта қарау мәселесі де күн тәртібіне шығарылды.