Астанада көлік дүңгіршекке соғылып, жасөспірім қыз зардап шекті

24.07.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

АСТАНА, 24 шілде – Sputnik. Астанада көлік дүңгіршекке соғылды, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.

Hyundai Accent автокөлігі жеміс-жидек сататын дүңгіршекке соғылған. Көлік рөлінде 18 жастағы бозбала болған.

"Бөлекпаев көшесімен келе жатып, көлік рөліне ие бола алмай, көкөніс дүңгіршегіне соғылған. Оқиға салдарынан сауда павильонының ішінде болған 15 жасар қыз зардап шекті. Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды", - дейді полицияда.

Мамандар оған қажетті медициналық көмек көрсетілетінін айтты.

Тергеу жүріп жатыр.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью