Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Астанада күн суытып, алғашқы қар жауған соң қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті. Қар күреу жұмысына жүздеген арнайы техника мен жол жұмысшылары жұмылдырылды.
Фото: Астана әкімдігі4 қараша күні қала аумағынан мың текше метрден астам, яғни 86 жүк көлігі қар шығарылған.
5 қарашаға қараған түні қар күреу жұмысына 374 арнайы техника мен 234 жол жұмысшысы қатысқан.
Фото: Астана әкімдігіЕң алдымен негізгі көше магистральдары мен қоғамдық көлік жүретін бағыттар тазаланады. Кейін тазалау жұмысы қозғалыс қарқыны орташа учаскелерде – аулаларда, алаңдарда, тротуарлар мен аялдамаларда жүргізіледі.
Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік ережелерін сақтауға, жолдар мен жаяу жүргінші аймақтарында барынша абай болуға, сондай-ақ ауа райы нашарлаған жағдайда алыс жолға шықпауға шақырады.
Айта кетелік Ақмола облысында көктайғаққа қарамастан жазғы дөңгелекпен шыққан жүргізушілер жолдан қайтарылған еді.