Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. Астанада құтқарушылар ер адамды 50 метрге жуық биіктіктен құтқарды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
Есіл ауданындағы Сауран көшесінде тұрғын үй кешенінің 15-қабатында кондиционер орнату кезінде жұмысшы құлап кетіп, қауіпті жағдайда қалған.
Ол кондиционердің кронштейнінен ұстап тұрып қалған.
Оқиға орнына жеткен ТЖМ қызметкерлері автосатының көмегімен 1990 жылы туған ер адамды қауіпсіз жерге түсірді.
ТЖМ биікте жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтап, жеке қорғаныс құралдарын пайдалану қажет екенін ескертті.