Астанада контент үшін Бәйтерек маңына шампан төккен блогер жазаланды

16.05.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. Астанада блогер қоғамдық орында қоқыс қалдырғаны үшін жазаланды.

Қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты блогер қызға айыппұл салды

Оқиға 2026 жылы 27 сәуірде түнгі сағат бір шамасында Астанадағы Нұржол бульварында болған.

Іс материалдарына сәйкес, ол "Бәйтерек" монументі маңында әлеуметтік желіге видео түсіру үшін шампан бөтелкесін ашып, ішіндегісін жерге төккен.

Ол бұл видеосын өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жариялаған.

Сот отырысында бойжеткен өз кінәсін толық мойындап, өкінетінін айтқан. Ол блогер ретінде "Бәйтерек" монументінің айналасында трендтегі бейнеролик түсіргісі келгенін, кейін ластаған жерін жинап кеткенін түсіндірді.

Сот бұл жайттарды жеңілдететін мән-жай ретінде ескергенімен, жаза ретінде айыппұл тағайындалды.

Ол қоғамдық жұмыстарға келіспегендіктен, сот оны кінәлі деп танып, 10 АЕК көлемінде, яғни 43 250 теңге айыппұл салды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью