Астанада көпқабатты үйден өрт шығып, 10 бала эвакуацияланды | Qazaq24.com
Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Елордалық құтқарушылар Сарыарқа ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде шыққан өртті ауыздықтады.
Оқиға Щорс көшесінде орналасқан 10 қабатты тұрғын үй кешенінде орын алған, деп хабарлайды Arasha.kz.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қызыл жалын 5-қабаттағы пәтерлердің бірінен шыққан.
Оқиға орнына жедел жеткен мамандар баспалдақ арқылы 30 тұрғынды қауіпсіз жерге шығарды, оның ішінде 10 бала бар.
Өрт сөндірушілердің кәсіби іс-қимылының арқасында 5 шаршы метр аумақты шарпыған тілсіз жау 20 минуттың ішінде толық сөндірілді.
Қазіргі уақытта мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр. Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақыла
Читать полностью
Читать новость