Астанада көпшілік серуендейтін жерге көлікпен кіріп кеткен жүргізуші жазаланды

08.06.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

видеодан скриншот

Оқиға түнгі уақытта Ататүрік саябағы маңындағы жағалауда болған. Куәгерлердің айтуынша, такси белгілері қойылған Chevrolet Cobalt көлігі жаяу жүргіншілерге арналған аймақпен жүріп өтіп, айналадағы адамдарға қауіп төндірген. Жүргізуші бұл кезде апаттық белгі шамдарын қосып қойған.

Оқиға туралы әлеуметтік желіде жарияланғаннан кейін полиция тексеру жүргізді. Нәтижесінде Chevrolet көлігінің жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін бұзып, жаяу жүргіншілер жолымен жүргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Алматыда жолаушы такси жүргізушісін ойыншық тапаншамен қорқытқан

Құқық қорғау органдары жүргізушімен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігі түсіндірілгенін хабарлады. Алайда салынған айыппұл көлемі нақтыланбады.

Айта кетейік, бұған дейін де Астанадағы Ататүрік саябағындағы қоғамдық тәртіп мәселесі талқыланған болатын. Қала тұрғындарының бірі саябақта тәртіп бұзатын балалардың ата-аналарына айыппұл салуды ұсынып, бақылау камераларының санын арттыру қажет екенін айтқан еді.

Павлодар облысында такси жол апатына ұшырап, студент екі аяғынан айырылды

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью