Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
АСТАНА, 7 қаңтар – Sputnik. Астанада мас күйінде ұсталған судьяға қатысты сот шешімі шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Әсел Досаева былтыр 1 қарашаға қараған түні ұсталған болатын. Рөлге мас күйінде отырған судьяның көлік жүргізу куәлігі де болмай шықты. Құжаттың мерзімі төрт ай бұрын өтіп кеткен. Ал медициналық сараптамада Досаеваның мастығы “жеңіл” деп көрсетілген.
Судья Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 608-бабы, 8-бөлігі (көлікті мас күйінде жүргізу) бойынша жауапқа тартылды. Бапта әкімшілік қамаққа алу жазасы да бар. Бірақ Досаеваның кәмелет жасқа толмаған баласы бар. Заң бойынша ондайда қамауға алу жазасы қолданылмайды, айыппұл ғана салынады.
Сот шешімімен бұрынғы судбьяға 200 АЕК (786 400 теңге) көлемінде айыппұл салынды.
Былтыр ол жұмыстан да шығарылған болатын.