Астанада математика және механика бойынша халықаралық ғылыми жобалар конкурсы басталды

15.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

ҚР Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметіні хабарлауынша, халықаралық ғылыми жарысқа Қазақстан, Тайланд және Түркия елдерінен 99 жобамен 135 оқушы қатысады.

Конкурстың негізгі мақсаты - оқушылардың ғылыми ойлау қабілетін дамыту, математика және механика салаларында дарынды оқушыларды анықтау, зерттеу дағдыларын қалыптастыру және жас ғалымдарға қолдау көрсету.
Ғылыми конкурс математика, қолданбалы математика, механика және экономикадағы математикалық әдістер бойынша төрт бағытта өткізіледі.

Ереже бойынша конкурсқа республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңдерінің жеңімпаздары, қорытынды кезеңге өтпеген І, ІІ, ІІІ дәрежелі диплом иегерлері және шетелдік мектептердің ұлттық ғылыми жобалар жарыстарының жеңімпаздары қатыса алады.

Осыған дейін қазақстандық оқушылардың халықаралық математикалық олимпиададан үш медаль жеңіп алғаны туралы жаздық.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью