Астанада медицина қызметкеріне шабуылдан кейін тағы бір қылмыстық іс қозғалды: видео

09.04.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Астанада ер адам Психикалық денсаулық орталығында емделушілерді қабылдап жатқан фельдшерге шабуыл жасады. Полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды TengriHealth.

Астанада ер адам Психикалық денсаулық орталығында емделушілерді қабылдап жатқан фельдшерге шабуыл жасады. Полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды TengriHealth.

Не болды?

Фельдшер оқиғаның 3 сәуірде сағат 18:30 шамасында болғанын айтып берді.

"Жұмысқа жақсы көңіл-күймен келген едім. Шамамен жарты сағаттан кейін мен отырған кабинетке 35–40 жас шамасындағы белгісіз ер адам кіріп келді. Ол ауруханада жатқан науқаспен кездестіруді сұрады. Өзін таныстырған жоқ, нақты кімге келгенін де айтпады", - деді фельдшер.

Медицина қызметкерінің айтуынша, ол келушіге сабырмен және сыпайы жауап берген, дөрекілік танытпаған. Алайда әлгі адам агрессия көрсетіп, балағат сөздер айтып, кездестіруді талап ете бастаған.

"Бұл адамның іс-әрекеті агрессивті болды, мен одан дәрігерге жолығуын өтіндім. Бірақ ол құлақ аспай, дауыс көтерді", - деген фельдшер сөзін былай жалғастырды:

"Жоспарлы емдеуге жатқызу кабинетінде бейнебақылау камерасы жоқ, сондықтан мен SOS батырмасы бар медициналық куәландыру кабинетіне бет алдым. Күзет шақыру үшін соны баспақшы болдым".

Соңында ер адам фельдшерді алқымынан алып, қылқындырып, бетінен ұрған. Осы кезде оларды ажыратып алып, басқа блокта жүрген күзетшіні шақырған, ал келушіні клиникадан шығарып жіберген.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Kazpress_kaz (@kazpress_kaz) жарияланымы

Полиция не дейді?

Астана Полиция департаменті медицина қызметкеріне қызметтік міндетін атқару кезінде күш қолдану дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 380-3-бабымен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Бұл бап кәсіби міндетін атқарып жүрген медицина қызметкелері мен жедел жәрдем жүргізушілеріне күш қолдану қатерін төндіру немесе күш қолданғаны үшін жаза қарастырады.

"47 жастағы ер адамның қабылдау бөліміне туысына келгені анықталды. Кезекші фельдшер одан мәлімет беруін және қабылдау уақытында келуін сұраған. Бұған наразы болған ер адам фельдшерді ұрып, қашып кеткен. Оны полиция ұстады, қазіргі уақытта бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешіліп жатыр", - деп хабарлады полиция өкілдері.

Департамент жедел қызмет өкілдеріне қарсы кез келген агрессия немесе қорқыту әрекеттері қатаң түрде тоқтатылады деп қосты.

Бұған дейін Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістер 7 наурызда күшіне енгені хабарланған болатын. Онда медицина қызметкерлеріне қатысты физикалық күш қолдану мен қорқыту әрекеттері үшін жазаны күшейту көзделген.

Аталған бап бойынша алғашқы іс наурыздың ортасында Астана тұрғыны жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасағанда қозғалған еді. Кейін медицина қызметкерлерін пышақ және қайшымен қорқытқан Алматы тұрғынына қатысты осы бап бойынша тергеу басталды.

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью