Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Фото: Pexels
Астананың Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Әбіл Әбілдиннің айтуынша, жасөспірім есірткіні «жасырын қойма» (закладка) тәсілімен таратқан.
«Бұл полиция қызметкерлері үшін қуанатын жағдай емес. Бұл – қоғамға, құқық қорғау органдарына, мұғалімдер мен психологтарға ортақ үлкен мәселе», деді Ә. Әбілдин.
Елімізде жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық 8 пайызға төмендеген
Оның сөзінше, ұсталған мектеп оқушысы есірткінің зияны мен оны таратудың салдары түсіндірілетін профилактикалық іс-шараларға қатысқан. Соған қарамастан, ол есірткі ортасына тартылып кеткен.
«Ол оның барлық салдарын білетін сияқты. Бірақ неге бұлай жасады? Азғыру ма? Менің ойымша, мәселе оның араласқан ортасында. Қандай ортаға тап болса, өмірінің бағыты да соған қарай өзгереді», деді Әбіл Әбілдин.
Есірткі айналымының алдын алуға бағытталған «Zhastarmen» жобасы іске асырылып жатыр
Полиция өкілінің айтуынша, қыздың сыныптастары бұл оқиғаға салқынқанды қарап, одан алшақтаған.